Accessibility links

АҚШ Ресейге қарсы санкция ауқымын кеңейтті. АҚШ Қаржы министрігінің санкция тізіміне 14 Ресей азаматы мен бір заңды тұлға – "тролль фабрикасы" деп аталып кеткен "Интернет зерттеулері агенттігі" енгізілді.

Санкция салынған адамдардың барлығы дерлік "Интернет зерттеулері агенттігінің" қызметкерлері саналады. Ақпанның ортасында АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер оларды 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға килікті деп айыптаған.

БАҚ "Интернет зерттеулері агенттігінің" ресейлік бизнесмен, Ресей президенті Владимир Путиннің досы саналатын Евгений Пригожинге қатысы барын айтады. Наурыздың басында Владимир Путин NBC News агенттігіне берген сұхбатында бизнесменді білетінін растаған, бірақ досы емес екенін мәлімдеген. Пригожин мен оның "Конгорд менеджмент" және "Конкорд Кейтеринг" компанияларына бұған дейін-ақ санкция салынған.

АҚШ-та Ресейдің елдегі президент сайлауына килігу ықтималдығын тексеріп жатыр. АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер президент Дональд Трамптың штабы Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонның позициясын әлсірету үшін Кремльмен астыртын сөз байласқан жоқ па деген мәселені анықтап жатыр. Мәскеу өзге мемлекеттердегі сайлауға киліккенін жоққа шығарады.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG