Accessibility links

Лавров: Астана келіссөзінің бағыты дұрыс


Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөзге қатысушылар. Астана, 16 наурыз 218 жыл.
Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөзге қатысушылар. Астана, 16 наурыз 218 жыл.

Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша гарант елдер – Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды.

Кездесуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы ахуалды дұрыстап, дағдарысты дипломатиялық жолмен реттеуде Астанадағы келіссөз маңызды екені дәлелденгенін айтты. "Астанадағы келісімнің нәтижесінде Сирияда деэскалация аймақтары жұмыс істеп тұр, гуманитарлық минадан тазарту жұмыстары істеліп жатыр, тұтқындарды босату бойынша жұмысшы тобы құрылды, гуманитарлық көмек жеткізуді біршама жеңілдеттік. БҰҰ-ның 2254 нөмірлі қарары негізінде толыққанды саяси процесті бастауға жағдай жасадық" деді Лавров.

Лавров Сирияның аумақтық тұтастығын қорғауда гарант елдер жасап жатқан іске барлығының бірдей көңілі ттолмайтынын да айтты. "Халықаралық құқық нормаларын, БҰҰ қарарын бұзатындар Сирияны бөлшектеу, режимді ауыстыруды мақсат тұтады. Сирияда сыртқы күштерге бағынышты ұсақ княздіктер пайда болды. Оларға әрине, Астанада жасалып жатқан істер ұнамайды. Дегенмен, біздің дұрыс бағытта кетіп бара жатқанымызға сенімдімін. Біз терроризммен күресті жалғастыра отырып, БҰҰ қарарында басымдық берілген барлық бағыт бойынша жұмыс істейміз" деді.

"АҚШ бастаған халықаралық коалиция Шығыс Ғутадағы сияқты экстремистерді қорғаудың орнына экстремистік және террорлық ұйымдармен ымырасыз күресу қажет екенін түсінеді деп үміттенем" деді Лавров.

XS
SM
MD
LG