Accessibility links

Түркия министрі қазақстандық журналист сауалына жауап бермеді


Бағлан Омаров, қазақстандық Kazakhstan.kz сайтының тілшісі.

Түркия сыртқы істер министрі қазақстандық журналисті "Фетхулла Гүленнің тілінде сөйледі" деп сауалына жауап беруден бас тартты деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Астанада өткен Сирия бойынша келіссөзде Kazakhstan.kz сайтының тілшісі Бағлан Омаров Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуға түрік тілінде сұрақ қойған.

- Министрге "Сирияның Африн аймағындағы "Зәйтүн сабағы" операциясы мәсесі үш министр кездесуінде қозғалды ма, осы операция қаншалықты заңды? деген сұрақ қойдым. Екінші сұрағым Швейцария мен Түркия арасындағы дипломатиялық дағдарысқа қатысты болды. Түркиялық екі дипломат таяуд Швейцарияның екі азаматын алып қашқысы келіп, дау туындаған. Мевлют Чавушоглу маған "сені танымаймын, FETO-ның тілінде сөйлегендіктен сұрағыңа жауап бермеймін" деп қысқа қайырды. Анкара Фетхулла Гүленнің FETO ұйымын террорлық ұйым деп жариялап, тыйым салған, - деді журналист.

Қайтар айында Анкара Сириямен шекарадағы Африн аймағында тұратын күрдтерге қарсы әуе және құрлықтан шабуыл бастаған. Ақпанда Түркия әскерилері Сирияның Идлиб провинциясына жақын жерде бесінші әскери бекеттің құрылысы басталғанын мәлімдеген. Түркия Сирия президенті Башар Асад пен исламшыл жасақтар арасындағы қақтығысты азайту мақсатында, Идлиб пен басқа да провинцияларда 12 бақылау бекетін салу жөнінде Мәскеу және Тегеранмен келіскен.

Түрік билігі 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп АҚШ-та жүрген Фетхуллах Гүленді айыптайды. 2016 жылдың жазынан бері Түркияда 110 мыңнан астам адам қызметтен босатылған немесе аластатылған. Гүленмен байланыста болған деген күдікпен 50 мыңнан астам қамауға алынған.

240 адам қаза тапқан мемлекеттік төңкеріс талпынысына Гүлен өзінің қатысы болмағандығын айтады. Ердоған билігі Гүлен қозғалысы қалдығына төтеп беру үшін репрессия қажет деп санайды. Құқыққорғаушылар болса, төңкеріс талпынысын Ердоған басқаша ойлайтындарды тұншықтыруға ілік етіп пайдаланып отыр деп санайды.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG