Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда 13 мың ата-ана баласына екпеден бас тартты


Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы Нұршай Әзімбаев (сол жақта) және Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Жұмағұл Медетов. Шымкент, 16 наурыз 218 жыл.

Қазақстанда екпеден бас тартқан ата-аналар саны 13- мыңға жуықтады деп мәлімдеді наурыздың 16-сы күні Шымкентте өткен жиында Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.

Нұршай Әзімбаеваның сөзінше, екпеден бас тартқан ата-аналар саны жылдан жылға артып келеді.

- Мысалы, 2016 жылы бас тартқандар саны он мыңға жетпейтін болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 13 мыңға жақындады. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында бас тартқандар саны 1231. Қазақстанда екпеден бас тартқан ата-аналардың көбі Оңтүстік Қазақстан облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген, - дейді ол.

Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Жұмағұл Медетовтің айтуынша, облыста ата-аналары екпеден бас тартқан балалардың көбі 2-5 жас аралығында. Бас тартқандардың 64 пайызының ата-анасы "түрлі діни ағым ықпалына" түскен

Медетовтің сөзін облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілі Дәурет Баққараев та растады.

- Түрлі діни ағымға түсіп, екпеден бас тартатындардың басым бөлігі деструктивті діни ағымдардың өкілдері, - деді ол жиында.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Минскіде "Шығыс Еуропа: баршаның қауіпсіздігі жолында" форумы өтеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG