Accessibility links

Ресей АҚШ-қа қарсы санкция дайындап жатыр


Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.
Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтің мәлімдеуінше, Мәскеу "қара тізімі" "жаңа америкалық саяси тұлғалар" тізімімен толықтырылмақ. Дипломат Ресейді жауап санкцияларын салуға "Вашингтон саясаты мәжбүрлегенін" айтты.

15 наурыз күні АҚШ 2016 жылы елдегі президент сайлауына килікті деген күдікті 14 ресейлікке санкция салған. Олардың екеуі – Ресей барлау қызметінің өкілдері, қалғаны – "тролль фабрикасы" аталып кеткен "Интернет зерттеулері агенттігінің" қызметкерлері.

БАҚ "Интернет зерттеулері агенттігінің" ресейлік бизнесмен, Ресей президенті Владимир Путиннің досы саналатын Евгений Пригожинге қатысы барын айтады. Наурыздың басында Владимир Путин NBC News агенттігіне берген сұхбатында бизнесменді білетінін растаған, бірақ досы емес екенін мәлімдеген. Пригожин мен оның "Конгорд менеджмент" және "Конкорд Кейтеринг" компанияларына бұған дейін-ақ санкция салынған.

АҚШ-та Ресейдің елдегі президент сайлауына килігу ықтималдығын тексеріп жатыр. АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер президент Дональд Трамптың штабы Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонның позициясын әлсірету үшін Кремльмен астыртын сөз байласқан жоқ па деген мәселені анықтап жатыр. Мәскеу өзге мемлекеттердегі сайлауға киліккенін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG