Accessibility links

Могерини: Қырым аннексиясы - халықаралық қауіпсіздікке қатер


Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини. Киев, 12 наурыз 2018 жыл
Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини. Киев, 12 наурыз 2018 жыл

Ресейдің Қырымды аннексиялауына ілік болған "референдумның" өткеніне төрт жыл толды. 2014 жылы наурыздың 16-сы күні түбектің мәртебесі туралы өткізілген "референдумнан" кейін "тәуелсіз" "Қырым Республикасы" өзін өзі жариялап, Мәскеумен Қырымды Ресей құрамындағы территория деп тану туралы келісімге қол қойған.

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Қырымды аннексиялауын көпшілік дауыспен заңсыз деп тапқан.

Ресейдің Қырым мен Севастопольді аннексиялағанына төрт жыл өткенде Еуропа Одағы бұрынғысынша Украина егемендігі мен территориясының біртұтастығына бейіл екенін мәлімдейді. Бұл туралы Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің декларациясында айтылған.

Еуропа Одағы Қырым аннексиясын мойындамайтыны және халықаралық құқықты бұзуды айыптаудан қатпайтыны туралы тағы мәлімдеген. Құжатта Қырым аннексиясының "бұрынғысынша халықаралық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіні және барлық елдердің бірлігі мен тәуелсіздігін қорғайтын халықаралық құқық тәртібіне салдары бары" айтылған.

Еуропа Одағы Ресейге Қырымды аннексиялауына байланысты салған санкцияны қолдайтыны және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді Бас Ассамблеяның 68/262 қарарына сәйкес осындай шаралар қабылдауға шақырған. "Еуропа Одағы Ресейдің Қырымда өткізетін сайлауын мойындамайды" делінген декларацияда.

Еуропа Одағы Ресей билігін аннексиядан кейін Қырымда ұстап, жазаға тартқан Олег Сенцов, Александр Кольченко, Николай Семена және басқаларды дереу босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG