Accessibility links

БАҚ: Трамп пен Ким Чен Ын мамырдың соңына дейін кездесуі мүмкін


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын суреттерінен коллаж
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын суреттерінен коллаж

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен мамырдың соңына дейін кездесуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Reuters Ақ үйге сілтеме жасап.

Трамп Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инумен телефонмен сөйлескенде кезде Ким Чен Ынмен кездесу жоспары жайлы айтқан.

"Екі лидер де соңғы оқиғаларға байланысты аздаған үміт нышаны сезілетінін, егер Солтүстік Корея дұрыс жолды таңдайтын болса оны жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтты", - делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Наурыздың 9-ы күні Вашингтонға жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Чон Ый Ен АҚШ президенті Дональд Трампқа Солтүстік Корея басысы Ким Чен Ынның екі лидерлерінің қатысуымен бетпе-бет кездесу өткізу туралы ұсынысын жеткізген. Трамп Пхеньянның ұсынысын қабыл алатынын және алдағы кездесу "бүкіл әлемге пайда" әкеледі деп үміттенетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG