Accessibility links

Ақсы оқиғасына қатысушылар үкіметтен жауап күтеді


Ақсы оқиғасында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш. Боспиек ауылы, Қырғызстан, 17 наурыз 2018 жыл
Ақсы оқиғасында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш. Боспиек ауылы, Қырғызстан, 17 наурыз 2018 жыл

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ақсы ауданында 16 жыл бұрын болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккендер үкіметке жолдаған сауалдарына жауап ала алмай жүр. Бұл туралы зардап шеккендердің бірі Мақсатбек Момуналиев Ақсы оқиғасына 16 жыл толуына байланысты бүгін осы аудандағы Боспиек ауылында өткен еске алу шарасы кезінде Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковқа айтты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Тұрғын үкімет жетекшісіне Ақсы оқиғасы кезінде зардап шеккендерге медициналық тексеру қызметін тегін көрсету туралы сауалына әлі күнге жауап алмағанын жеткізген.

"Бүгін осында сізден жақсы жаңалық естіп қалармыз деген үмітпен келгенбіз. Бірақ олай болмады. Биыл ақпанда осындай сауалды ел президентінің аппаратына да жолдағанбыз. Ақсы оқиғасында зардап шеккендерге медициналық тексеру тегін жүргізілетіні туралы қаулы орындалмай келеді. Сіз бұл мәселені шешеді деп үміттенем", - деген Момуналиев.

Үкімет жетекшісі Сапар Исаков бұл мәселеге байланысты міндетті түрде жауап беріледі және хат иелерінің өтініші орындалады деп сендірді.

Ақсы оқиғасына 16 жыл толуына байланысты бүгін Боспиек ауылында өткен еске алу шарасына тұрғындар және премьер-министрмен бірге Қырғызстан президенті аппаратының басшысы Мухамбеткалый Абылгазиев, өзге де шенеуніктер қатысқан.

2002 жылы наурыздың 17-інде билікке наразылық білдіріп бейбіт шеруге шыққандарға милиция қару қолданып, салдарынан алты азамат қаза тапқан, ондаған адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG