Accessibility links

Дзюдошы Сметов Ресейдегі жарыста алтын алды


Елдос Сметов (көк формада).
Елдос Сметов (көк формада).

17 наурызда қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Екатеринбургте (Ресей) өтіп жатқан Grand Slam жарысында алтын алды.

60 келіде күрескен Сметов алғашқы кезеңде Мехрзод Суфиев (Тәжікстан) пен Эрик Такаватакеден (Бразилия) басым түсті. Ал жартылай финалда франциялық Валид Хьярды, финалда ресейлік Ислам Яшиевті иппонмен (таза жеңіс) жеңді.

Сметов - 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында алтын алды. Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол Риодағы ойындардан кейін алғаш рет халықаралық жарыста алтын иеленді.

Екатеринбургтегі жарыс 18 наурызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG