Accessibility links

Мыңдаған адам Шығыс Ғутаны тастап шықты


Шығыс Ғутадағы бейбіт тұрғындар. Сирия, 16 наурыз 2018 жыл
Шығыс Ғутадағы бейбіт тұрғындар. Сирия, 16 наурыз 2018 жыл

Сирия астанасы төңірегінде көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Ғута ауданында сенбі күні үкімет күштерінің әуе соққысынан кемінде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлады құқыққорғаушылар. Олардың айтуынша, қоршаудағы анклавтан "гуманитарлық дәліз" арқылы шықпақшы болған тұрғындар әуе шабуылына тап болған.

Сириялық адам құқығының сақталуына қадағалайтын орталықтың дерегінше, осы оқиғаның қарсаңында әскери ұшақтар соққысынан тағы 30-ға жуық адам мерт болған. Соңғы бір айдың ішінде Шығыс Ғутада шайқастар барысында мыңнан аса тұрғын ажал құшқан.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бітім туралы қарарына қарамастан Шығыс Ғутада қарулы шайқас жалғасып жатыр. Сирия билігі мен Ресей "терроршыларға" қарсы соққы беріп жатырмыз дейді. Сирия президенті Башар Асадтың күштері соңғы бір айда Шығыс Ғутаның басым бөлігін өзіне қаратқан.

Құқыққорғаушылар соңғы тәулікте қоршаудағы анклавты 10 мыңға жуық бейбіт тұрғын тастап шықты деп хабарлады. Ресей әскерилері қоршаудан 30 мың адам шықты дейді.

XS
SM
MD
LG