Accessibility links

Иранда экс-президент Ахмадинежадтың серігі ұсталды


Эсфандияр Рахим Машаи наразылық акциясы кезінде сот шешімінің көшірмесін оқып тұр. Тегеран, 15 наурыз 2018 жыл

Иранда экс-президент Ахмадинежадтың серігі ұсталды

Иран билігі елдің бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадтың жақын серігі және қатаң саясат ұстануды қолдайтын Эсфандияр Рахим Машаидың ұсталғаны тураыл хабарлады. Тегеран прокуратурасының сайтындағы ақпаратта Ахмадинежадтың аппаратын басқарған әрі Иранның бұрынғы вице-президенті Машаиды наурыздың 17-і күні сот шешімі негізінде полиция қызметкерлері тұтқындағаны айтылған. Одан басқа мәлімет берілмеген.

Бұған дейін наурыздың 15-і күні Тегерандағы Ұлыбритания елшілігі алдында өткен наразылық шеруіне Машаидың да қатысқаны туралы видео әлеуметтік желілерде тараған. Шеруге қатысушылар Махмұд Ахмадинежад билігі тұсында Иран вице-президенті болып істеген саясаткер Хамид Багаидың тұтқындалуына наразылық білдірген.

Рахим Машаи 2009 жылы Махмұд Ахмадинежад Иран президенті болып екінші мерзімге сайланған соң Эсфандияр Рахим Машаи да Иран вице-президенті болып қызмет атқарған.

Баспасөзге берген сұхбатында Машаидың адвокаты билік Машаиды өткендегі наразылық акциясында Хамид Багаиға қатысты сот шешімінің көшірмесі басылған қағазды өртегені себепті тұтқындаған болуы мүмкін деген болжам айтқан. Өткен жылғы желтоқсанда Иран соты Хамид Багаиды "талан-таражға" және "заңсыз коммерциялық мәмілелер жасауға" айыпты деп танып, соттаған. Биылғы наурыздың 13-інен бастап Багаи 15 жылдық түрме жазасын өтей бастаған.

Иранда экс-президент Махмұд Ахмадинежадтың бірнеше одақтасы "мемлекет қаржысын заңсыз иеленіп кеткен" деген айыппен түрмеге қамалған.

AzattyqTV

"Сүйкімді" Сталинге дауыс беру сәті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG