Accessibility links

Ли Кэцян Қытай премьері болып жаңа мерзімге сайланды


Қытай премьері Ли Кэцян

Қытай парламенті 62 жастағы Ли Кэцянды тағы бес жыл мерзімге премьер-министрі қызметіне сайлады. Бүгін Пекинде өтіп жатқан Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысында 2964 делегат Ли Кэцянды қолдап, екі адам – қарсы дауыс берген.

Қытай үкіметінің жетекшісі президенттен кейінгі екінші адам саналады. Кеше парламент Си Цзиньпинді Қытай президенті етіп тағы бес жылға қайта сайлаған. Жақында парламент Қытай конституциясынан президент пен оның орынбасары қызметіне екі мерзімнен артқы сайлануға болмайтыны туралы шектеуді алып тастағаннан кейін Си Цзиньпинге Қытай басшылығына шексіз мерзімге сайлануына жол ашылған.

64 жастағы Си Цзиньпин Қытайды 2013 жылдан бері басқарып отыр. Сол кезде үкімет басшылығына алғаш рет сайланған Ли Кэцянның кандидатурасын бұл жолы да Си Цзиньпин ұсынған.

Бүгін сонымен бірге Қытай мемлекеттік бақылау комитеті жетекшілігіне Ян Сяоду, Жоғарғы сот төрағасы болып Чжоу Цян, Бас прокурор қызметіне - Чжан Цзюнь сайланды.

Дүйсенбі күні Ли Кэцян парламентке Қытай үкіметінің жаңа құрамын бекітуге ұсынады.

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG