Accessibility links

Башар Асад Шығыс Ғутаға барған


Сирия президенті Башар Асад
Сирия президенті Башар Асад

Сирия мемлекеттік телеарнасы президент Башар Асадтың жексенбі күні Шығыс Ғутада өзіне адал әскерилермен кездескені туралы хабарлады.

Мемлекеттік телеарнадан көрсетілген және Telegram мессенджеріндегі Асадтың парақшасында жарияланған видеода Сирия президентінің әскери киімдегі, кейбірі танк үстінде отырған топ адамның ортасында тұрған сәті бейнеленген. Telegram мессенджеріндегі фотосурет сипаттамасында: "Президент Асад Шығыс Ғутадағы майдан шебінде Сирия араб армиясының қаһармандары ортасында" деп жазылған.

Соңғы апталарда Сирияның үкімет күші 2012 жылдан бері қарулы оппозиция бақылауында болып келген Шығыс Ғутада ірі шабуыл операциясын жүргізді. Сириялық адам құқығын қадағалау орталығының мәліметінше, Асад әскері қарсыласын ығыстырып, Шығыс Ғута территориясының 80 пайызын өзіне қаратқан.

Батыс үкіметтері мен БҰҰ Сирия үкіметі мен одақтастарын (арасында Ресей де бар), БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің сөзінше, Ғута тұрғындарына "жердегі тозаққа" айналған шабуылды доғаруға шақырған.

XS
SM
MD
LG