Accessibility links

Қазақстан паралимпиадада жиырмалыққа енді


Қазақстандық Александр Колядин. Пхенчхан. 14 наурыз 2018 жыл.
Қазақстандық Александр Колядин. Пхенчхан. 14 наурыз 2018 жыл.

​​Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы паралимпиада аяқталды. Қазақстан бір алтын медальмен жалпы есепте 20-орын алды.1,5 шақырымдық шаңғы жарысында қазақстандық Александр Колядин паралимпиада чемпионы атанды. Спортшы алтын медалі үшін Қазақстан билігінен 250 мың доллар көлемінде сыйақы алады.Бұл - Қазақстанның қысқы паралимпиада ойындарында алған алғашқы алтыны.

Оқи отырыңыз: Қысқы паралимпиаданың алғашқы чемпионы

Пхенчхандағы қысқы паралимпиадаға Қазақстаннан алты спортшы қатысты.

1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен паралимпиадада қазақстандық Любовь Воробьева шаңғы жарысында қола алған. Одан кейінгі қысқы паралимпиадада Қазақстан спортшылары медаль иеленбеген.

Пхенчхандағы қысқы олимпиадада жалпы есепте АҚШ құрамасы бірінші, Ресей бейтарап атлеттері екінші, Канада үшінші орын алды. Келесі қысқы паралимпиада ойындары 2022 жылы Пекинде (Қытай) өтеді.

XS
SM
MD
LG