Accessibility links

Ресей ОСК: Путин 74 пайыз дауыс жинап тұр


Ресей президенті Владимир Путин президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланған соң сайлаушылар алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 18 наурыз 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланған соң сайлаушылар алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 18 наурыз 2018 жыл.

Ресей Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) елдегі президент сайлауына қатысқан сайлаушылар даусының 40 пайызы саналғаннан кейінгі мәліметін жариялады. Комиссия мәліметі бойынша, іс басындағы президент Владиир Путин сайлаушылардың 74 пайыз даусын жинаған.

18 наурыз күні түнге қарай Путин Мәскеудегі Манежный алаңында өткен митинг-концертте сөйлеп, сайлаушыларға алғыс айтты.

Путиннен кейінгі орында Ресей Федерациясы коммунистік партиясының кандидаты Павел Грудинин (14 пайыз) тұр. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Грудинин сайлау әділ өтпегенін мәлімдеген. Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский үшінші, "Гражданская инициатива" тобынан Ксения Собчак төртінші орында тұр.

"Яблоко" партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинский, "Партия роста" саяси ұйымы лидері Борис Титов, "Коммунисты России" партиясы жетекшісі Максим Сурайкин және "Российский общенародный союз" партиясынан түскен Сергей Бабурин, алдын ала деректер бойынша, әрқайсысы бір пайызға да толмайтын дауыс жинаған.

Сайлау учаскелеріндегі жағдайды бақылаған белсенділер дауыс беретін жерге сайлаушыларды ұйымдастырған түрде жаппай әкелу, сайлау жәшіктеріне бюллетеньдерді топтап тастау тәрізді заң ережесін бұзу жайттарын тіркеген. Сонымен бірге бақылаушыларға күш қолданылған бірнеше оқиға болғаны туралы ақпарат тараған.

Оқи отырыңыз: "Негізгі кандидаттың" кезекті жеңісін бекітетін сайлау

Орталық сайлау комиссиясы сайлау "ашық" өткенін және "айтарлықтай өрескел заң бұзу болмағанын" мәлімдеді.

65 жастағы Владимир Путин Ресейді 2000 жылдан бері басқарып келеді. Ол 13 жыл президент, оның арасында төрт жыл премьер-министр қызметін атқарды.

XS
SM
MD
LG