Accessibility links

АЕ/АР Собчак штабындағы жағдайды тексеріп жатыр


Ксения Собчак, Ресей президенттігіне кандидат.
Ксения Собчак, Ресей президенттігіне кандидат.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы (АЕ/АР) Ресей президенттігіне кандидат Ксения Собчактің сайлау штабында болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Ксения Собчак 18 наурызға қараған түні видеожурналистер Александр Расторгуев пен Мария Павлова президенттікке кандидаттың сенімді өкілдері статусын иелене отырып, бақылаушыларды сайлау учаскелеріне жіберу туралы толтырылмаған бланкілерге қол қойғанын хабарлаған.

18 наурызда журналистер Расторгуев пен Павлова Азаттықтың Орыс қызметі – Радио Свобода редакциясының тапсырмасы бойынша Грозныйға Ресейдегі президент сайлауы туралы деректі фильм түсіруге барған. АЕ/АР медиакорпорациямен жұмыс істесетін журналистердің саяси және партиялық жұмыстарға араласуына тыйым салады. Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы АҚШ Конгресі бөлетін грант есебінен қаржыландырылатын коммерциялық емес медиакорпорация. Корпорация Шығыс және Оңтүстік-шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдеріндегі аудиторияларға түрлі платформаларда хабар таратады.

XS
SM
MD
LG