Accessibility links

Лавров Вьетнамға сапарын аяқастынан доғарды


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

France-Presse (AFP) агенттігі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 19 наурызда Вьетнамға жоспарлаған сапарын "белгісіз себептерге" байланысты доғарғанын хабарлады.

Агенттіктің 19 наурыз күні Вьетнам сыртқы істер министрлігіне сілтеп хабарлауынша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вьетнамға сапары "күтпеген жерден" кейінге қалдырылған. "Кейінірек ақпарат агенттігіне сапардың анық уақыты туралы хабарлаймыз" делінген Вьетнам Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ханойдағы ресейлік аты-жөнін атамаған дипломаттың агенттігіне айтуынша, сапар "саяси емес, техникалық себептерге байланысты" доғарылған.

Лавров Ханойға 19 наурыз күні Вьетнам президенті Чан Дэй Куангпен кездесуге баратын болған.

XS
SM
MD
LG