Accessibility links

Душанбе Өзбекстанмен арадағы визасыз сапарлау келісімін мақұлдады


Тәжікстанның Өзбекстанмен шекарасындағы шекара бекеті (Көрнекі сурет).

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 19 наурызда Өзбекстанмен екі ел азаматтарының екі елдің шекаралас аймақтарында 30 күнге дейін визасыз жүруіне рұқсат беретін келісімді мақұлдады.

Парламентте "Азаматтардың өзара сапары туралы" келісімді ратификациялау туралы" заңды Тәжікстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Низомиддин Зохиди таныстырды. Ол жаңа құжат күшіне енсе, 2000 жылдың 16 мамырында қабылданған мемлекетаралық келісімнің күші жойылатынын хабарлады.

"Азаматтардың өзара сапары туралы" келісім азаматтардың екі ел аумағында уақытша жүріп-тұру, визасыз сапарлау және қызметтік іссапар ұйымдастыру тәртібін реттейді. Депутат Ахмаджон Собиров бұл келісімді "тарихи құжат" деп атады. Келісімге биыл 9 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапары барысында қол қойылған.

Өзбекстан парламенті "Азаматтардың өзара сапары туралы" келісімін әзірге ратификациялаған жоқ. Бірақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өкім шығарып, 2018 жылдың 16 наурызынан бастап келісім күшіне енгенге дейін Тәжікстан азаматтарының Өзбекстанға визасыз сапарлауына рұқсат берді.

Мирзияевтің Тәжікстанға сапары қарсаңында тәжік-өзбек шекарасында көлік өтетін тоғыз тексеру және өткізу бекеті мен бір теміржол өткізу бекеті қайта жұмыс істей бастады.

AzattyqTV

"Сүйкімді" Сталинге дауыс беру сәті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG