Accessibility links

19 наурызда Оралдағы "Уральская неделя" газетінің редакциясына полиция келіп, басылым қызметкері Ақмарал Шаяхметованы алып кеткен.

Журналистің Азаттыққа айтуынша, полиция оны Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде апарып, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын әлеуметтік желіде насихаттап, қолдағаны үшін ескерту беріп, босатқан.

Шаяхметова бірнеше күн бұрын "жергілікті видеоблогер Асқар Шайғұмаровты ҚДТ қозғалысын қолдады деген желеумен полицияға шақыруына қарсылық" ретінде жазба жариялаған айтады.

Шайғұмаров 16 наурызда видео жариялап, Қазақстан бас прокуратурасының ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп тануын сынаған. Осы видеодан кейін оны полиция шақырып, ескерту жасаған.

16 наурызда Қазақстанның түкпір-түкпірінде бірнеше адам жергілікті прокуратура тарапынан қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов құрған ұйымды қолдамау туралы ескерту қағазын алған.

Оқи отырыңыз: ҚДТ-ға тыйым салу нені білдіреді?

Қазақстан бас прокуратурасы 13 наурызда Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын экстремистік деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған.​

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG