Accessibility links

Полиция Остиндегі жарылыстарға күдіктіні іздеп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Техас штаты Остин қаласында полиция қала тұғындарын үйлеріне поштамен жеткізілген кез-келген затқа сақтана қарауға шақырды. Сақтық шаралары қалада жарылғыш заттарды қойды деген күдіктіні іздеу барысында жасалып отыр.

Шамамен үш апта бұрын қалада басталған шағын жарылыстардан осымен екі адам қаза тауып, төрт адам жараланды. 18 наурызда болған соңғы жарылыста екі адам зардап шекті. Зардап шеккендер жарылғыш құрылғыны пошта жәшігіндегі байқалмайтын жіпті тартып қалып іске қосқан. Екі адам да ауыр жараланып ауруханаға түсті.

Полиция қылмыскердің тартқыш жіпті қолданғанына қарап, ол шабуылда нақты бір адам я нысанды көздемеген деп болжап отыр. Қылмыскер жарылғыш құрылғыны пошта бандероліне ұқсас контейнерге орнатып, үйдің алдына қойып кетеді. Жарылғыш механизм контейнерді ашқан кезде немесе басқа жерге қозғағанда іске қосылады.

Құқық қорғау органдары алғашқы зардап шеккендер латын және афроамерикалықтар болғандықтан әуелде қылмыс нәсілдік-этникалық сипатта жасалған болуы мүмкін деп болжаған еді. Бірақ соңғы екі зардап шегуші – ақ нәсілді жасөспірімдер.

Күдіктілерді іздеуге Федералдық тергеу бюросының жүздеген агенті қатысып жатыр. Күдіктінің қайда екені туралы ақпарат айтқан адамға берілетін сыйақы мөлшері 115 мың долларға дейін көбейтілді.

XS
SM
MD
LG