Accessibility links

Францияда экс-президент Николя Саркози ұсталды


Николя Саркози, Францияның экс-президенті.
Николя Саркози, Францияның экс-президенті.

Франция полициясы бұрынғы президент Николя Саркозиді тұтқындады. Reuters-тің соттағы өз дереккөздеріне сілтеп хабарлауынша, Саркози 2007 жылы өзінің сайлау кампаниясын қаржыландыру ісіне байланысты ұсталған.

Lе Monde басылымының жазуынша, Ливия билігінің Саркозидің сайлау кампаниясын қаржыландырғаны туралы іс 2013 жылы сәуірде ашылған. Франция полициясы Николя Саркозиді ол 20 наурызда сот тыңдауына барған кезде ұстады. 48 сағат ішінде оны бұлтартпау шарасы белгіленуі тиіс.

Николя Саркози 2007-2012 жылдары Франция президенті болған. Ол 2012 жылы президент сайлауында Социалистік партия кандидаты Франсуа Олландтан жеңілген. Бұған дейін Саркози 2012 жылғы сайлау кампаниясын заңсыз қаржыландыру айыбы бойынша сотқа тартылуы мүмкін екені хабарланған

XS
SM
MD
LG