Accessibility links

Харви Вайнштейн мен інісі құрған компания банкрот болды


Харви Вайнштейн, америкалық продюсер.
Харви Вайнштейн, америкалық продюсер.

Харви және Роберт Вайнштейндердің продюсерлік компаниясы оны сату туралы келісім жасалмаған соң банкротқа ұшырағанын жариялады. Бұл жайында Variety басылымы хабарлады.

Weinstein Company компаниясын сату туралы келісім 2017 жылдың күзінен бері жүргізілген. Наурыздың басында инвесторлар компанияның миллиондаған доллар қарызы барын білген соң оны сатып алудан бас тартқан.

Ақпанның ортасында Нью-Йорк штатының прокуроры Вайнштейндердің компаниясын сотқа берген. Прокуратура Weinstein Company басшылығын "бірнеше рет дәлел мен айғақ алғанына қарамастан қызметкерлеріне қатысты жыныстық бопсалауды тия алмаған" деп айыптайды.

2017 жылы қазанда ондаған белгілі актрисалар Харви Вайнштейнді жыныстық бопса жасады деп айыптаған. Бұдан соң кино және саясаттағы басқа да танымал адамдардың атына да осындай айыптаулар айтылған. Вайнштейннің өзі компанияның директорлар кеңесі мен америка киноакадемиясы құрамынан шығарылған.

Оқи отырыңыз: Әйел зорлайтындарды жақтаушылар қайдан шығады?

Weinstein Company 2005 жылы Харви мен Роберт Вайнштейндер өздері 1979 жылы құрған Miramax компаниясынан кеткен соң құрылған. Вайнштейндердің продюсерлік компаниясы Квентин Тарантиноның соңғы үш фильмін түсіруде жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG