Accessibility links

Арменияда оппозициялық саясаткер сотталды


Арменияның оппозициялық саясаткері Жирайр Сефилян сотта отыр. Ереван, 2 ақпан 2018 жыл.

Армения соты оппозициялық саясаткер Жирайр Сефилянды полиция бөлімін басып алу ісі бойынша 10 жыл 6 айға соттады. Ереванның Шенгавит аудандық соты наурыздың 20-сі күні шығарған үкімінде оппозициялық "Құрылтайшы парламент" қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянды 2016 жылы полиция бөліміне шабуыл ұйымдастырды деп айыптады. Бұл іс бойынша Сефилянның алты жақтасы да айыпты деп танылып, екі жылдан бес жарым жылға дейінгі мерзімдерге сотталды.

Сефилян мен оның алты жақтасы 2016 жылы 20 маусымда ұсталған. Армения билігі ұсталмас бұрын оларды Еревандағы бірнеше үкімет мекемелері мен телекоммуникация нысандарын басып алу үшін астыртын сөз байласты деп айыптаған.

Бірнеше аптадан соң "Сасна црер" (Сасун ержүректері) қарулы тобының 30-дан астам мүшесі Ереванның Эребуни ауданында полиция бөлімін басып алып, екі аптадан астам уақыт бақылауда ұстап тұрған.

Олар Сефилянның босатылуын және Арменияның сол кездегі президенті Серж Саркисяннің отставкаға кетуін талап еткен.

Полиция бөлімін босату операциясы кезінде бір полицей қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланған. Армения полициясы 2016 жылғы шілденің соңында қарулы топтың өз еркімен берілгенін хабарлаған.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG