Бүгін Қазақстан халқы Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Шығыс халықтарының дәстүрлі мерекесі кезінде Астана мен Алматы қалаларында, аудан және облыс орталықтарында концерттік бағдарламалар, ұлттық ойын-сауық түрлері, спорттық жарыстар, азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Наурыз мерекесі кезінде, ежелден қалыптасқан салт-дәстүр бойынша, адамдар бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мерекеге арнайы әзірленген Наурыз көжеден және өзге де ұлттық ас түрлерінен дәм татады.
Қазақстанда ұлттық мереке болып жарияланған Наурыз мейрамы айдың 21-інен бастап үш күн қатарынан тойланады. Елде бұл күндер демалыс болып белгіленген.