Accessibility links

Трамп Ақ үйде Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммед бин Салман. Вашингтон, 14 наурыз 2017 жыл
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммед бин Салман. Вашингтон, 14 наурыз 2017 жыл

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Вашингтонда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммед бин Салман ханзадамен кездесті. Ақ үй басшысының сөзінше, Сауд Арабиясына америкалық әскери техника мен қару-жарақ сату туралы бұған дейін жасалған және іске асырыла бастаған келісім арқасында "АҚШ-та 40 мыңнан аса жұмыс орнын" ашуға мүмкіндік бергенін айтқан.

"Обама әкімшілігі тұсында [екі ел арасындағы] қарым-қатынас, жұмсартып айтқанда, өте шиеленісті болған болса, қазір қарым-қатынасымыз, бұрын болып көрмеген дәрежеде жақсарды", - деген Трамп.

АҚШ-қа сапары барысында 32 жастағы Салман ханзада америкалық бірқатар ресми тұлғалармен, солардың арасында қорғаныс, қаржы және сауда министрлерімен, Орталық барлау басқармасы басшысымен, Конгрестегі Демократиялық және Республикалық партиялар жетекшілерімен жүздеседі. Бұдан өзге ол Нью-Йоркте іскерлік топтар өкілдерімен, Сан-Францискода Google мен Apple сынды жаңа технологиялар білгілерімен, сонымен бірге Лос-Анджелесте шоу-бизнес алпауыттарымен кездеспек.

АҚШ пен Батыс елдері Сауд Арабиясының бұрынғы дәстүрлі саясатынан мүлде өзгеше іс-қимылы, ауқымды әлеуметтік реформалары және сыртқы саясаттағы тегеурінімен таныла бастаған Салман ханзаданың қандай тұлға екенін жақынырақ танығылары келеді.

Оқи отырыңыз: Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің күресі мен арманы

XS
SM
MD
LG