Accessibility links

Юнкер Путинді Еуропадағы қауіпсіздікті қалпына келтіруге шақырды


Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер
Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер

Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер Ресей президенті Владимир Путинді Еуропа құрлығындағы қауіпсіздік үшін әріптестікті қайтадан қалпына келтіруге шақырды. Бұл туралы ол Путинді Ресей президенті болып сайлануына байланысты құттықтау хатында айтқаны туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына жазды.

"Еуропа Одағы мен Ресей Федерациясы арасындағы жақсы қарым-қатынас – біздің құрлықтағы қауіпсіздік үшін негізгі шарт екенін үнемі айтып жүрмін. Жалпыеуропалық қауіпсіздік тәртібін қалына келтіру біздің ортақ мақсатымыз болуы тиіс", - деп жазған Еурокомиссия басшысы.

Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы қарым-қатынас Мәскеу 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін және Шығыс Украинада үкімет әскері мен Ресейге арқа сүйейтін сепаратистер арасында қарулы жанжал басталғаннан кейін нашарлаған. Ал биыл наурыздың 4-і күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей бас барлау қызметінің (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға улы затпен қастандық жасалғаннан кейін Ресеймен арақатынасы одан ары шиеленісе түсті деп хабарлайды халықаралық француз радиосы.

XS
SM
MD
LG