Accessibility links

Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгін Астанадағы Конгресс орталығында "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" мюзиклін тамашалғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

"Менің Жарлығым бойынша, Наурызды үш күн тойлайтын боламыз. Бағзы заманнан келе жатқан мереке Тәуелсіздікпен бірге қайта оралды. Мінеки, Тәуелсіздікті алғалы бері осы Наурызды атап келе жатырмыз. Түбінде бұл біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады. 1 қаңтарды Бірінші Петр Батыс Еуропадан алып келген еді. Оны да тойлаймыз. Бірақ біздің негізгі мерекеміз - күн мен түннің теңелетін, табиғаттың барлығы оянатын кез", - деген Назарбаевтың сөзін келтірген Қазақпарат.

Президент "бірлігінің арқасында әлемге танылған Қазақстан болашақта да осы бірлікті ұстану қажеттігін" айтқан.

Қазақстанда бүгін ресми ұлттық мереке - Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Астана мен Алматы қалаларында, аудан және облыс орталықтарында концерттік бағдарламалар, ұлттық ойын-сауық түрлері, спорттық жарыстар, азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Наурыз айының 21-інен бастап қатарынан үш күн тойланатын Наурыз мерекесі Қазақстанда демалыс болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG