Accessibility links

Нұрлан Ерімбетов қайтыс болды


Нұрлан Ерімбетов
Нұрлан Ерімбетов

Өткен түнде Ұлттық онкология және трансплантология орталығында қоғам қайраткер, Қазақстан азаматтық альянсының бұрынғы төрағасы Нұрлан Ерімбетов 58 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Нұрлан Ерімбетов әр жылдарда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, президентшіл "Отан" партиясы саяси кеңесінің хатшысы, "Отан" партиясы төрағасы міндетін атқарушының кеңесшісі, "Ақ жол" партияс төрағасының кеңесшісі болып істеген. Өмірінің соңына қарай Ерімбетов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамында компания омбудсмені қызметін атқарған.

Нұрлан Ерімбетов көпшілікке "АйтРаrк" қоғамдық-саяси пікірталас клубы, кейін "Астана" телеарнасындағы "Открытая студия" бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған. 2015 жылы Ерімбетов өзге авторлармен бірге Ресейдің "Шетел агенттері туралы" заңына ұқсас құжат – Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қаржы қызметі туралы заң жобасын ұсынып, шетелдік қорлардың қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарын қаржыландыруына қарсы екендігін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG