Accessibility links

Судья президент Трампты жауапкер ретінде белгіледі


Саммер Зервос (оң жақта) адвокатымен бірге

АҚШ президенті Дональд Трамп кезінде өзі жүргізген телешоуға қатысушының жазған азаматтық талабы бойынша жауапкер ретінде танылады. Мұндай шешімді Нью-Йорк қаласындағы судья қабылдаған. Талап арыз иесі Саммер Зервос Трампты "жала жапты" деп айыптаған.

Саммер Зервос осыдан 10 жыл бұрын телешоуға қатысқан кезде Дональд Трамптың тарапынан сексуалдық сипаттағы қысымға ұшырадым дейді. Бірақ заң жүзінде талап қою мерзімі өтіп кеткендіктен, ол туралы шағым бере алмайтын Зервос 2016 жылғы сайлауалды науқан кезінде әлгі оқиға туралы жұртқа жария еткен өз сөзін Дональд Трамптың "түгел ойдан шығарылған" және "жалған" деп атағаны үшін президентке қарсы азаматтық талап түсірген.

Трамптың адвокаттары биліктегі президент заң бойынша иммунитетке ие болғандықтан штат соттары оны жауапқа тарта алмайтынын айтқан. Бірақ судья Жоғарғы соттың бұдан 20 жыл бұрын егер президенттің осы қызметіне кіріскенге дейінгі жасаған істері үшін азаматтық талап берілген болса, онда биліктегі президент өзін заңға тартудан қорғайтын иммунитетті пайдалана алмайтыны туралы шешімін алға тартып, адвокаттардың уәжімен келіспеген.

Бұл дау сотқа дейін жетсе, онда Дональд Трамп өзіне дейінгі Ақ үй жетекшілері арасынан Билл Клинтон тәрізді даулы іске жауапкер болып қатысатын екінші президентке айналуы ықтимал. Бірақ сарапшылар президент Трамп даулы істі ондайға жеткізбей, талап арыз иесімен сотқа дейінгі келісімге келуі мүмкін деп санайды.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG