Accessibility links

Британ елшісі Ресей СІМ кездесуіне қатыспайды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ұлыбританияның Мәскеудегі елшісі Лори Бристоу Ресей сыртқы істер министрлігі бұрынғы ресейлік барлау офицері Сергей Скрипальды Англияның оңтүстігіндегі Солсбери қаласында уландыру оқиғасына қатысты Мәскеудің пікірін жеткізу үшін наурыздың 21-і күні шақырып отырған кездесуге қатыспайды. Бұл туралы бүгін Ұлыбританияның Ресейдегі елшілігі мәлімдеген.

"Елші кездесуге қатыспайды", - деген Мәскеудегі британ елшілігінің баспасөз хатшысы Зиент Ханч AFP агенттігіне.

Бұған дейін ТАСС агенттігі Еуропа Одағының Ресейдегі өкілдігі басшысының орынбасары Свен-Олов Карлссон Солсберидегі Сергей Скрипальдың улануына байланысты қалыптасқан жағдай жөнінде түсініктеме беру үшін Ресей сыртқы істер министрлігі шақырған елшілер кездесуіне қатысады деп хабарлаған.

Ресей сыртқы істер министрлігі наурыздың 21-іне Мәскеудегі барлық шетелдік елшілерді Скрипальдың ісін талқылау үшін Қару-жараққа бақылау және оны таратпау мәселелері жөніндегі департамент басшылығы және сарапшыларымен кездесуге шақырған.

XS
SM
MD
LG