Accessibility links

Франция экс-президенті Саркозиге айып тағылды


Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози. Париж, 19 қараша 2016 жыл
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози. Париж, 19 қараша 2016 жыл

Франция билігі елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиге айып тақты. Тергеушілердің болжамы бойынша, Саркози 2007 жылы өзінің президенттік сайлау кампаниясын заңсыз қаржыландырған және Ливияның мемлекеттік қаражатын жасырумен айналысқан.

Француз заң орындары 63 жастағы Николя Саркозиді наурыздың 21-і күні ұстап, жауап алғаннан кейін оны босатқан. Франция басылымдарының хабарлауынша, билік бұрынғы президентке бостандықта қалуға рұқсат еткенімен, ол сот бақылауында болмақ.

Николя Саркозидің сайлауалды кампаниясын Ливия билігі қаржыландырған болуы мүмкін деген күдік бойынша іс 2013 жылы сәуірде қозғалған. Оған дейін баспасөзде Ливияның биліктен тайдырылған диктаторы Муаммар Каддафидің режимі Саркозидің сайлауалды кампаниясына 66 миллион доллар ұсынған-мыс деген ақпарат тараған. Саркози ол айыптауды жоққа шығарған. Ливия билігі де әлгі ақпарат жалған құжаттарға негізделген деп мәлімдеген.

Николя Саркози 2007-2012 жылдар аралығында Франция президенті болып қызмет атқарған. 2012 жылғы президент сайлауында ол Социалистік партия кандидаты Франсуа Олландтан жеңіліп қалған. Бұған дейін Саркозиді 2012 жылғы сайлау кампаниясын заңсыз қаржылдырған деген айып бойынша жауапқа тартуы мүмкін деген сыбыс тараған еді.

XS
SM
MD
LG