Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апатынан бір адам қазаға ұшырап, тоғыз адам зардап шеккен. Оқиға сәрсенбіде Зеленов ауданындағы Богатск кентіне жақын маңда болған.

Полицияның ақпаратыны сілтеме жасаған Tengrinews сайтының хабаралуынша, Daewoo Nexia және ВАЗ-21099 маркалы екі жеңіл автокөлік Орал-Ақтау күре жолында бетпе-бет соқтығысып қалған. Көліктердің біріндегі жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмған. Тағы бірнеше адамды ауруханаға жеткізген, өзгелеріне сол жерде жәрдем көрсетілген.

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері ауа райы бұзылып, жолдарда көктайғақ мұз қатқан. Төтенше жағдай қызметі облыс тұрғындарын қатты жел тұратыны жайлы ескерткен.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG