Accessibility links

Трамп: Путинмен Ресеймен тату болу үшін сөйлестім


АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдегі президент сайлауынан кейін Кремль басшысы Владимир Путинге телефон соғуының себебін түсіндірді.

"Ресей президенті Владимир Путинге сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін телефон шалдым (бұрын Обама да солай істеген). Оны сөккенімді қалайтын фейк (жалған – Азаттық.) БАҚ-тың әбден есі шықты. Олардыкі дұрыс емес! Ресеймен (және өзгелермен) тату болу – жаман емес, жақсы...", - деп жазған Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына.

Бұған дейін CNN телеарнасы Трамп көмекшілері Путинді сайлауда жеңіске жетуімен құттықтамау туралы оған кеңес бергені туралы ақпарат баспасөзге тарап кеткеніне "бұлқан-талқан ашуланғаны" туралы хабарлаған.

Наурыздың 20-сы күні The Washington Post басылымы Трамп Путинді құттықтамау жайлы кеңесшілерінің берген ақылын елемей қойған деп жазған. Газеттің ақпараты бойынша, Трампқа көмекшілері дайындаған ұсыныстарда Путинге құттықтау сөз айтпау туралы кеңес те болған. Алайда Трамптың Кремль басшысымен сөзін Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаудан бастағаны туралы кейін Ақ үй де, Кремль де хабарлаған.

XS
SM
MD
LG