Accessibility links

БАҚ: Саркози Каддафиден пара алмағанын айтады


Николя Саркози
Николя Саркози

Францияның экс-президенті Николя Саркози кезінде өзінің сайлауалды кампаниясын қаржыландыруға Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро алған деген айыпты жоққа шығарады.

"Маған ешқандай айғақ-дәлелсіз айыптап отыр", - деп мәлімдеген сотта Саркози. Бұл туралы осы сотқа қатысуға рұқсат алған Le Figaro басылымы бүгінгі санында жариялаған.

Басылымның жазуынша, Саркози 2011 жылдан бері "осы тозақта тұрып жатқаны", өзіне жала тағылып отырғаны туралы айтқан. Саркозиге жақын адамдар газеттегі бұл ақпаратқа қатысты ешқандай пікір білдірмеген. Францияның жемқорлыққа қарсы полициясына екі тәулік бойы жауап берген Саркозиге 2007 жылы Франция президенті сайлауына (онда Саркози жеңіске жеткен – Азаттық.) түскен кезде сайлауалды науқанын заңсыз қаржыландырған, коррупция мен Ливия басшысынан пара алуға қатысы бар деген айыптар тағылған.

Тергеушілер Каддафи үкіметі Саркозиге 2007 жылғы сайлау кампаниясына жасырын жолмен 50 миллион еуро (62 миллион доллар) берген деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG