Accessibility links

Вьетнамда көпқабатты үйдегі өрттен 13 адам мерт болған


Көрнекі сурет

Вьетнамның Хошимин қаласында көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған өрттен кемінде 13 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам зардап шеккен.

Reuters дерегінше, 20 қабатты ғимараттағы өрт кезінде кейбіреулер терезеден секіруге әрекет жасаған, құрбан болғандардың көбі түтінге тұншығып көз жұмған. Полиция өрт шыққан ғимаратта қанша адам болғаны әзірше белгісіз екенін айтады.

Вьетнам ресми ақпарат агенттігі өрт жұмаға қараған түні ғимараттағы автотұрақтан шыққан деп хабарлады.

Барлығы 700-ден астам пәтер бар, 14-тен 20 қабатқа дейін биік етіп салынған үш ғимараттан тұратын кешен осыдан алты жыл бұрын пайдалануға берілген.

Бұған дейін 2002 жылы Хошиминдегі сауда орталығындағы өрт салдарынан 60 адам опат болған еді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG