Алматыда 66 жасқа қараған шағында белгілі адвокат Серік Сәрсенов қайтыс болды. Ұзаққа созылған аурудан кейін ауруханада бақилық болған адвокатты наурыздың 24-і күні жерлейді деп хабарлайды марқұмның әріптестеріне сілтеме жасаған Tengrinews сайты.
Адвокат Сәрсенов 2012 жылы "Арқанкерген" әскери шекара бекетінде қызметтестерін жаппай атып өлтірген деген айыппен сотталған шекарашы сарбаз Владислав Челахтың қорғаушысы болды.
Сонымен бірге Серік Сәрсенов оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін тапсырыспен өлтіруді орындады деген айыппен сотталған Рустам Ибрагимовтың, атышулы "Төрт ағайынды" тобының мүдделерін қорғаған.