Accessibility links

Шығыс Қазақстанда ондаған үйді су басқан


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.

Өскемен қаласы маңындағы Прогресс ауылында 75 ауладағы 32 үйді су басқан. Құтқарушылар 25 тұрғынды эвакуациялаған. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департамент дерегінше, су басқан аймақтарда құтарушылар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар "Ульба" эвакуациялық орталығы мен Крупская интернатына жеткізілген.

Құтқару жұмыстары Шемонаиха, Глубоковский және Ұлан аудандарында да жүріп жатыр. Облыс бойынша 40 үй мен 100 ауланы су басқан. Қазірге дейін 11 мың кубометр су сорылып, үш мың дана құм салынған қап төселген.

Тарханка ауылындағы екі өзен арнасынан асып, Өскемен-Семей тас жолының 29 шақырымын су шайған. Жолға арнайы пост қойылған. Құтқару қызметінің хабарлауынша, 112 құтқару қызметіне келіп жатқан қоңырау көп. Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті Шығыс Қазақстанға көмекке қосымша күш жібермек.

Оқи отырыңыз: Мамандар су тасқынының түрлі себептерін айтады

Шығыс Қазақстан облысында өткен апта соңында бір тәулік ішінде бір айлық нормалы жаңбыр жауып, ондаған елді мекенді су басқан.​

XS
SM
MD
LG