Accessibility links

Перуде жемқорлық дауынан соң президент ауысты


Педро Кучински (ортада) Перу президенті қызметінен кететіні туралы мәлімдемесінен соң үкімет үйінен шығып барады. Лима, 21 наурыз 2018 жыл
Педро Кучински (ортада) Перу президенті қызметінен кететіні туралы мәлімдемесінен соң үкімет үйінен шығып барады. Лима, 21 наурыз 2018 жыл

Перуде коррупциялық жанжалдан кейін ел президенті Педро Кучински өзіне қарсы импичменттен құтылу үшін отставкаға кетуге мәжбүр болды. Осының алдында Перу парламенті президентті отставкаға жіберуді қолдап дауыс берген.

"Бразилиялық құрылыс компаниясынан пара алған" деген айыпқа қалған Кучински еш кінәсіз екенін айтады.

Енді президент міндетін бұған дейін вице-президент, Перудің Канададағы елшісі қызметтерінде істеген Мартин Вискарра атқарады. Перу президенті қызметіне кірісер алдында ант берген Вискарра өз үкіметі жемқорлыққа қарсы күресетіні туралы мәлімдеп, "ашықтық – жаңа әкімшіліктің негізі болады" деп уәде берген.

55 жастағы Вискарра бұрынғы президенттің қызмет өкілеті аяқталғанша, яғни 2021 жылдың шілдесіне дейін Перу президенті болып отырмақ. Бірақ, оған дейін мерзімінен бұрын президент сайлауы өтуі де ықтимал.

XS
SM
MD
LG