Accessibility links

Путиннің туысы - "Газпром" басқармасы басшысының орынбасары


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресей президенті Владимир Путиннің алыс туысы "Газпром" мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары болып отырды. Ол бұл қызметте кемінде бес жыл істейтін болады.

Мамандығы дәрігер Михаил Путин 2007 жылдан бастап "Газпром" басқармасы төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарған. Биыл ол аталған компания басқармасы төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Сонымен бірге Михаил Путин "Газпром" компаниясының жалпы құны 10 миллион рубль тұратын акциялар пакетіне иелік етеді.

Ресейлік "Коммерсант" басылымының дерегінше, Михаил Путин - Ресей президентінің немерелес туысы. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Михаил Путин президент Путинге "алыс туыс" екенін растаған. "Бірақ іс жүзінде олар бір-бірімен араласпайды" деген Песков.

XS
SM
MD
LG