Accessibility links

"Роскомнадзор" Zello интернет-рациясын бұғаттағысы келеді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын "Роскомнадзор" мекемесі байланыс операторларына ауыр жүк көліктері жүргізушілері жиі қолданатын Zello интернет-рациясын бұғаттауға кеңес берген. Бұл туралы хаттарды Telegram мессенджерінде интернет жөніндегі сарапшы Михаил Климарев жариялады және өзге адамдар да растады деп хабарлайды "Ведомости" басылымы.

"Роскомнадзор" Zello қосымшасының жұмысын тоқтату үшін желінің қай бөлігіне тосқауыл жасау керектігін атап көрсеткен. Тізімге енгізілген 36 желі бөлігінің 26-сы Amazon компаниясына тиесілі. Олар 15 миллион IP-адресті біріктіреді. Хатта егер осылардың тым болмағанда біреуі бұғатталмай қалатын болса, онда интернет-рация жұмысын жалғастыра беретіні жазылған деп хабарлайды Republic басылымы.

"Ведомости" тілшісі AppStore-дан жүктеп алып орнатқан Zello қосымшасының жұмыс істемей қойған. Republic қызметкері өзі тексеріп көрген интернет-рацияның еш қиындық қосылғанын айтады. Сонымен бірге желідегі тосқауылды VPN көмегімен айналып өтуге болатынын жазған.

"Роскомнадзор" Zello қосымшасын Ресейде жұмысын бастағаны туралы осы елдің билік орындарына үш күннің ішінде хабарламағаны үшін 2017 жылы сәуірде оны бұғаттау шараларын бастаған.

Желіде ашық және жабық топтар ашуға мүмкіндік беретін Zello интернет-рациясын Ресейде ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері үкімет енгізген "Платон" төлем жүйесіне қарсы бүкілресейлік наразылық акциясы кезінде бір-бірімен хабарласу үшін пайдаланған болатын.

XS
SM
MD
LG