Accessibility links

Зарина Дияс Майамидегі жарыстың 4-айналымына шықты


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 56-ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан жүлде қоры 8 миллион долларды құрайтын Miami Open жарысының төртінші айналымына шықты. Дияс үшінші айналымда германиялық Карина Уитхофты (әлемнің 57-ракеткасы) жеңді - 4:6, 7:5, 6:0. Матч екі сағатқа созылды.

Осы жеңістен кейін Дияс әлемдік рейтингте үздік елу теннисшінің қатарына енуге мүмкіндік алды. Ол енді 26 наурыз күні әлемнің алтыншы ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен ойнайды. Жеңіске жеткен теннисші ширек финалға шығады.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда америкалық Джениффер Брэдиден (80), екінші турда ресейлік Светлана Кузнецовадан (27) басым түскен.

Майамидегі жарыс 1 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG