Accessibility links

Шығыс Ғутадан көтерілісшілердің тағы бір тобы кетеді


Шығыс Ғутадағы көтерілісшілерді отбасыларымен бірге эвакуациялауға автобустар бөлген. Сирия, 22 наурыз 2018 жыл

Сирияның астанасы Дамаск қаласының іргесіндегі Шығыс Ғута анклавындағы көтерілісшілер мен үкімет әскері арасында жасалған келісімге сәйкес, «Файлак әл-Рахман» қарулы оппозициялық тобы мүшелері отбасыларымен бірге елдің солтүстігіндегі көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб провинциясына үкімет бөлген көліктерге отырып аттанады. Бейбіт тұрғындардың анклавты тастап шығуына немесе үкімет әскері бақылауына өтетін Шығыс Ғутадағы үйлерінде қала беруіне еркі бар.

2012 жылдан бері қарулы оппозиция бақылауында болып келген Шығыс Ғутадан, болжам бойынша, жеті мыңға жуық қарулы жасақ отбасы мүшелерімен бірге шықпақ. Екіжақты келісімге ресейлік әскерилер арағайын болған. Ресейліктердің мәліметінше, Башар Асад армиясы Шығыс Ғутада операция бастағалы бері бір айдың ішінде 100 мыңнан астам бейбіт тұрғын анклавты тастап шыққан.

Бұған дейін үкімет әскері Шығыс Ғутадағы бірнеше жылдан бері көтерілісшілер бақылауында болған Хараста қаласын өзіне қаратқан. "Файлак әл-Рахман" тобның жасағы анклавтанкеткеннен кейін Шығыс Ғутаның Дума қаласынан басқа барлық территориясына Сирия үкіметі бақылау орнатады.

Құқыққорғаушылар, сириялық оппозиция мен Батыс елдері Шығыс Ғутаға қарсы әуе шабуылдарын жасаған Башар Асад режимі мен Ресейді айыптайды. Олар осы шабуылдар кесірінен тек соңғы бір айдың ішінде бір жарым мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан деген дерек келтіреді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG