Accessibility links

Ауғанстанда шииттер мешітіне шабуыл жасалды


Шабуыл жасалған мешіттен зардап шеккен адамды зембілге салып шығарып жатыр. Герат, 25 наурыз 2018 жыл
Шабуыл жасалған мешіттен зардап шеккен адамды зембілге салып шығарып жатыр. Герат, 25 наурыз 2018 жыл

Бүгін Ауғанстанның батысындағы Герат қаласындағы шиит мұсылмандары мешітіне жасалған шабуылдан кемінде бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған. Бұл туралы ауған полициясы хабарлады.

Жергілікті полиция басшысының орынбасары Аминулла Аминнің айтуынша, жұрт намазға жиналған мешітке екі адам жарылғыш затпен кірмек болған.

"Екі жанкешті терроршы шиит бауырлар намаз оқып жатқан мешітке кіргенін полиция мен жергілікті тұрғындар дер кезінде байқап қалды", - дейді полиция өкілі. Оның сөзінше, күдіктілердің бірі денесіне жасырған бомбаны жарып жіберген, екіншісін сол жерде полиция атып тастаған.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мешітке шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеді. Өткен аптада Кабулдағы шиит мұсылмандары мешіті жанындағы жарылысқа жауапкершілікті де осы топ өзіне алған еді. Ол жолы 30-ға жуық адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG