Accessibility links

Ресейде сауда орталығындағы өрттен төрт адам мерт болған


Сауда орталығындағы өрт. Кемерово, Ресей, 25 наурыз 2018 жыл
Сауда орталығындағы өрт. Кемерово, Ресей, 25 наурыз 2018 жыл

Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында жексенбі күні болған өрттен үш бала мен бір әйел ажал құшып, 30-ға жуық адам зардап шеккен деп хабарлады ТАСС агенттігі Ресей тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін өрт салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала қазаға ұшырап, тоғыз адам ауруханаға түскен деген ақпарат тараған еді. Зардап шеккендердің бірі өрттен қашып, үшінші қабаттан секіріп кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сауда орталығының кинотеатр мен балалардың ойын алаңдары орналасқан төртінші қабатында өрттің неден тұтанғаны әзірше белгісіз. Өрт шыққан кезде ғимаратта болған 200-ге жуық адам сыртқа шығарылған.

Кей куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан кезде дабыл беру жүйесі жұмыс істемеген. Тергеу комитеті өрттен адамдардың мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Кемерово облыстық прокуратурасы да өрт оқиғасын тексеруді бастаған.

XS
SM
MD
LG