Accessibility links

Египетте президент сайлауы басталады


Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сисидің сайлауалды жарнамасы. Каир, 1 наурыз 208 жыл.
Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сисидің сайлауалды жарнамасы. Каир, 1 наурыз 208 жыл.

Египетте 26 наурызда президент сайлауы басталады. Сайлау кезінде елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Іс басындағы президент, бұл жолғы сайлаудағы басты кандидат Абдель Фаттах әл-Сиси екінші рет төрт жыл мерзімге қайта сайланатынына сенімді. Президент сайлауына дауыс беру үш күн болады. Сайлаудың ресми нәтижелері 2 сәуірде жарияланбақ.

Дауыс беруге 60 миллионнан астам сайлаушы тіркелген.

Әл-Сисидің қарсыласы, аса танымал емес кандидат Мұса Мұстафа Мұса президенттікке кандидат болып соңғы сәтте ғана тіркелді. Ол сайлауға ұсынылғанға дейін әл-Сисидің сайлауалды штабының қызметкері болған. 63 жастағы Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси сайлауда өзіне салмақты қарсылас шықпағанына өзін кінәлі сезінбейтінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG