Accessibility links

Қырғызстанда 87 сириялық босқын тұрып жатыр


Сириялық босқындар.
Сириялық босқындар.

Қазір Қырғызстанда 168 шетел азаматы босқын мәртебесімен тұрып жатыр. Бұл туралы елдің мемлекеттік көші-қон қызметінің босқындармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Гулайда Орозалиева хабарлады.

Оның айтуынша, 87 босқын Сириядан, 61-і Ауғанстаннан, 15-і Украинадан келген.

Сирияда 2011 жылы наурызда басталған азамат соғысы салдарынан 400 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Соғыс кезінде Сириядан бес миллион адам босып кетті.

Оқи отырыңыз: Сириялық жігіт Қазақстаннан пана тапқысы келеді

БҰҰ есебінше, әлемдегі әр 113-адам босқын саналады. Әлемде 65 миллион адам елін тастап кеткен. Босқындардың жартысы Сирия, Ауғанстан және Сомалиден шыққан.

XS
SM
MD
LG