Accessibility links

Қарағанды облысында су тасу қаупі барын ескертті


Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында еріген қар суы мен ауыл сыртынан келе бастаған су. Қарағанды облысы, 26 наурыз 2018 жыл.
Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында еріген қар суы мен ауыл сыртынан келе бастаған су. Қарағанды облысы, 26 наурыз 2018 жыл.

Қарағанды облысында тұрғындарды су тасу қаупі туралы ескерте бастады. Облыстық төтенше жағдай департаментінің ақпараты бойынша, 26-30 наурыз аралығында облыста су тасып, кейбір жерлерде су жиналып, өзен арнасынан шығуы мүмкін деп болжанып отыр. Күн жылынып, қардың еруіне байланысты кейбір өзендер арнасынан асуы ықтимал. Құтқарушылар тұрғындарды бұған түсіністікпен қарап, арықтарды уақытында тазалап тұруға шақырды.

- 26 наурызда Нұра өзені арнасынан асып жайыла бастады. Су өзеннің жоғары жағынан келеді. Әзірге Самарқанд бөгеніне су жете қойған жоқ. Қазгидромет 26-30 наурыз аралығында кей жерлерде жеке тұрғын үйлерді, жолдарды су басуы мүмкін екенін ескертті. Әдеттегйдей Чкалово және Садовое ауылдарына қауіп төніп тұр, бірақ ол жақта тасқыннан қорғану шаралары жасалып, ауылдар қоршалған, - деді Қазгидрометтің Қарағанды облыстық филиалының директоры Роман Андрианов жергілікті журналистерге берген сұхбатында.

Ал 2014 жылы су тасқынынан бес адам қаза тапқан Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында тасқынның алдын алу, бөгеттерді күшейту жұмыстары істеліп жатыр. Мұнда бірнеше жер үй мен ауыл шетіндегі үйлердің маңын су басқан. Бұл жайлы төтенше жағдай департаменті хабарлады және мұны Көкпекті тұрғындары да растады.

- Қазір ауланы су басқан. Судың тереңдігі көлік дөңгелегі көрінбейтіндей деңгейде. Біз ауыл шетінде екі қабатты көп пәтерлі үйде тұрамыз. Су тіпті подъезге дейін кірді. Ал бір қабатты үйлердің жертөлелеріне су толып қалған. Кеше кешке ауылға билік өкілдері келді, техникамен арықтарды тазартып, тереңдетіп қазды. Бүгін ешкім көрінбейді. Су аздап қайта бастады. Судың қайдан келгенін білмейміз, - деді Азаттыққа Көкпекті тұрғыны Вера Седова.

Оқи отырыңыз: Бір түнде бұзылған бөгеттің зиянын үш жылдан бері дәлелдей алмай жүр

XS
SM
MD
LG