Accessibility links

Ресей ТЖМ: Кемероводағы өрт құрбандары саны артты

Кемерово қаласында сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандарға қойылған гүлдер. 26 наурыз 2018 жыл.
Кемерово қаласында сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандарға қойылған гүлдер. 26 наурыз 2018 жыл.

Кемерово облысындағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 64 адамға жетті деп хабарлады Ресей төтенше жағдай министрі Владимир Пучков. Министрдің айтуынша, алты адамның мәйіті үйінді астынан әлі шығарылмаған.

Өрттен 40-тан астам адам зардап шекті. Оның 10-ы ауруханада жатыр. Бұған дейін Ресей Тергеу комитеті қаза тапқандар арасында тоғыз бала барын хабарлаған.


Сауда орталығындағы өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. 26 наурыз күні таңертең өрт толық сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары басталған. Өрттен сауда орталығының шатыры ортасына опырылып түскен.

Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Кемероводағы өрт

Кемероводағы өрт

"Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт. 25 наурыз 2018 жыл. 
1/12 "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт. 25 наурыз 2018 жыл. 
Сауда орталығындағы өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. 26 наурыз күні таңертең өрт толық сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары басталған. Өрттен сауда орталығының шатыры ортасына опырылып түскен. 25 наурыз 2018 жыл. 
2/12 Сауда орталығындағы өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. 26 наурыз күні таңертең өрт толық сөндіріліп, үйінділерді аршу жұмыстары басталған. Өрттен сауда орталығының шатыры ортасына опырылып түскен. 25 наурыз 2018 жыл. 
Ресей тергеу комитеті құрбандар арасында тоғыз бала барын хабарлады. 25 наурыз 2018 жыл. 
3/12 Ресей тергеу комитеті құрбандар арасында тоғыз бала барын хабарлады. 25 наурыз 2018 жыл. 
Өрттен елуге жуық зардап шеккен. Олардың 12-сі ауруханада жатыр. 25 наурыз 2018 жыл. 
4/12 Өрттен елуге жуық зардап шеккен. Олардың 12-сі ауруханада жатыр. 25 наурыз 2018 жыл. 
Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. 25 наурыз 2018 жыл. 
5/12 Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. 25 наурыз 2018 жыл. 
Қазақстан сыртқы істер министрлігі құрбандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін хабарлады. 25 наурыз 2018 жыл. 
6/12 Қазақстан сыртқы істер министрлігі құрбандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін хабарлады. 25 наурыз 2018 жыл. 
Өрт сөндіруге ондаған машина жұмылдырылған. 25 наурыз 2018 жыл. 
7/12 Өрт сөндіруге ондаған машина жұмылдырылған. 25 наурыз 2018 жыл. 
Сауда орталығындағы өрт. 25 наурыз 2018 жыл. 
8/12 Сауда орталығындағы өрт. 25 наурыз 2018 жыл. 
Сауда орталығының маңында тұрған адамдар. 25 наурыз 2018 жыл. 
9/12 Сауда орталығының маңында тұрған адамдар. 25 наурыз 2018 жыл. 
Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт орнын тазалау жұмыстары. Ресей, 26 наурыз 2018 жыл.
10/12 Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт орнын тазалау жұмыстары. Ресей, 26 наурыз 2018 жыл.
Өртенген сауда орталығының терезесінен қарап тұрған өрт сөндірушілер. 26 наурыз 2018 жыл. 
11/12 Өртенген сауда орталығының терезесінен қарап тұрған өрт сөндірушілер. 26 наурыз 2018 жыл. 
Қала тұрғындары құрбандарды еске алып жатыр. 25 наурыз 2018 жыл. 
12/12 Қала тұрғындары құрбандарды еске алып жатыр. 25 наурыз 2018 жыл. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG