Accessibility links

Алматыда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

26 наурызда Алматыдан жер дүмпуі сезілді. Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы жер сілкінісі 3-4 балл болғанын хабарлады. 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырымда тіркелген. Дүмпу жер қабатының 8 километр тереңдігінде болған. 

Жер сілкінісін Алматы тұрғындары сезген. Олар жер сілкінісі туралы әлеуметтік желіге жазып жатыр. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ. 
 

XS
SM
MD
LG