Accessibility links

Польша: Мәскеу пайдасына тыңшылық жасаған күдікті ұсталды


Варшавадағы Ресей елшігі алдында тұрған полиция көлігі. Польша, 26 наурыз 2018 жыл.
Варшавадағы Ресей елшігі алдында тұрған полиция көлігі. Польша, 26 наурыз 2018 жыл.

Польша арнайы қызметі үкімет шенеунігін "Солтүстік ағын - 2" газ құбырын салуды тоқтатуға қатысты құпия ақпаратты Ресейге берді деген күдіктіні ұстады. Бұл жайында 26 наурызда Reuters агенттігі Польша үкіметіне сілтеп хабарлады.

Арнайы қызмет істері министрінің өкілі Станислав Жарын мемлекеттік TVP Info телеарнасына күдіктінің 23 наурыз күні ұсталғанын және сот оны үш ай қамауға алғанын хабарлады. В. Марек деп аталған шенеунік энергетикалық жобаларға жауапты қызмет атқарған және Варшаваның "Солтүстік ағын - 2" газ құбырын салуды қалай тоқтату жоспары туралы ақпарат берді деген күдікке ілінген.


Польша Ресейді теңіз арқылы Германиямен байланыстыратын және Мәскеудің Украина мен Польша сияқты Шығыс Еуропадағы елдерді айналып өтіп, Батыс Еуропа нарығына көп көлемде газ сатуына мүмкіндік беретін "Солтүстік ағын - 2" газ құбырын салуға қарсы.

Варшаваның пікірінше, құбыр салынса "Газпромның" Орталық және Шығыс Еуропа нарығындағы әлеуеті күшейіп, бәсекелестік шектеледі және Еуропа Ресей газына тәуелді бола түседі. Польшаның PAP мемлекеттік ақпарат агенттігі күдікті Варшавадағы Ресей елшілігінде дипломат ретінде жұмыс істейтін ресейлік барлаушылармен байланыста болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG